Тағы бір адам президенттіктен үміткер ретінде өз атын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір адам президенттіктен үміткер   ретінде  өз атын ұсынды

Тағы бір адам президенттіктен үміткер ретінде өз атын ұсынды

Бүгін, 21- қыркүйекте "Табиғат" экологиялық қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ат ұсынатыны туралы өтініш берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz



«Құжаттарды тапсыруға байланысты ешбір қиындық туындаған жоқ. Қазақ тілін тәп-тәуір білетіндіктен, емтиханға дайынмын. Қазір санаулы ғана қиындық алдымнан шығып тұр, бірақ оларды шешемін деп ойлаймын»,- деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан қазіргі президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Жармахан Тұяқбайдың кандидатурас ыұсынылса, сенат депутаты Уәлихан Қайсаров пен Алматылық кәсіпкер Сәлім Өтен, қоғам қайраткері Амантай қажы Асылбек, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мекемтас Тілеулесов, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, Қазақстан фермерлерінің «Қазагро» ұлттық федерациясының президенті Балтабай Рахымжанов, Ақтөбелік жұмыссыз әйел Мейрамкүл Қожағұлова мен қоғам қайраткері Жақсыбай Бәзілбаев өз бетімен атын ұсынды. Бүгін Алматы облысындағы Талғар қаласының 43 жастағы тұрғыны Майя Қарамаева Орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық комиссиясына қазақ тілінен емтихан тапсыра алмай, сайлау алдындағы додадан шығып қалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс ҚР президентінің кезекті сайлауы 4-желтоқсанда өтеді деп жариялады. Сайлауды өткізуге қатысты негізгі шаралардың жоспарына сәйкес, президенттіктен үміткерлерді тіркеу 3-қазанда, яғни, сайлау басталардан екі ай бұрын аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта