"Қазақмыстың" 87 проценті үш топ-менеджердің иелігінде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыстың" 87 проценті үш топ-менеджердің иелігінде

"Қазақмыстың" 87 проценті үш топ-менеджердің иелігінде

Отандық мыс өндіруші алып компанияға саналатын "Қазақмыс" корпорациясы акцияларның 87 процентіне үш топ-менеджер иелік етеді. Бұл туралы KZ-today тілшісі Британияның Sunday Times газетінің хабарламасының негізінде Рейтер агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

Корпорация президенті Владимир Ким акциялардың 45 процентін, бас менеджер Йонг Кю Ча 30 процентін, қаржылық директоры Олег Новачук 12 процентін иемденеді.

Газеттің жазуына қарағанда, О.Новачук бұған дейін Қазқстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаржы жөніндегі кеңесшісі болған.
Sunday Times газетінің мәліметіне сәйкес, Қазақмыстың үш топ-менеджері 1990-шы жылдардың аяғында, Samsung компаниясы мыс өндіретін корпорация акцияларының 80 проценттік үлесін сатқан кезде акционер болған. Нарықтық құны 1,5- 3,3 млрд. долларға бағаланатын «Қазақмыс» корпорациясы бұған дейін меншік құрылымы туралы ақпаратты жарияламай келген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, корпорация қарапайым акцияларын Лондон биржасында сатуға дайындалып жатыр. Компанияның қарапайым акцияларының 25 проценті сатылады деп күтілуде.
«Акциялардың 12,5 проценті жаңадан шығарылған эмиссия болса, қалған 12,5 проценті компания қожайындарының акциясы болмақ»,- деп жазады Рейтер.
Sunday Times газетінің мәліметіне сәйкес, «Қазақмыс» корпорациясы акция саудасының егжей-тегжейін бүгін, 26-қыркүйекте жария етпек.

Перейти к новостям спорта