Елбасы әлемдік кино жұлдыздарымен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы әлемдік кино жұлдыздарымен жүздесті

Елбасы әлемдік кино жұлдыздарымен жүздесті

Бүгін, 26-қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Еуразия-2005" халықаралық кинофестивалі қарсаңында әлемдік кино жұлдыздарымен жүздесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 788
Фото - Caravan.kz

Елбасымен кездесуге келгендер арасында кинорежиссерлар Тео Ангелопулос, Вадим Абдрашитов пен Егор Кончаловский, продюсерлер Майкл Мур мен Марк Мануэль, актер әрі продюсер Жан Клод Ван Дамм, әртіс Наталья Арынбасарова, «Қазақфильм» ұлттық компаниясының бас директоры Сергей Әзімов бар.

«Халықтың тіршілік деңгейінің көтерілуі азаматтар арасында өнер мен мәдениетке деген сұранысты арттырды. Өнерде кинематограф жетекші орынға ие. Біздің кинотуындылар кейінгі жылдары 19 байқауға қатысты. Біз «Көшпенділер» фильмін түсіріп біткенімізді мақтан тұтамыз»,- деді Н.Назарбаев. Президент әлемдік деңгейдегі кинематографистерді Қазақстандық режиссерлармен ынтымақтастыққа шақырды.
Өз кезегінде Американдық продюсер Майкл Мур: «Голливудтағы «Lions Gate Entertainment» компаниясының кеңсесі Қазақстандық киноиндустриясының өкілдігі үшін орын бөліп беруге дайын»,- деп мәлімдеді.
«Еуразия идеясы тек экономикалық және қоғамдық-саяси өмірде ғана қарқынды дамып келе жатқан жоқ. Бүгінде Еуразия идеясы мәденет саласында да кеңінен қанат жайды. «Еуразия» екінші кинофестивалі бұған нақты дәлел бола алады»,- деді ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосыбаев.
Е.Қосыбаевтың айтуынша, «Еуразия-2005» халықаралық кинофестиваліне Еуропа, Азия және Американың 130-дай кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері қатысады. Байқауға келтірілген 50 кинотуындының 16-сы іріктеп алынды. Еуропаның 5, Азияның 5 елі өз кинотуындыларын таныстырады. Байқаудан тысқары бағдарламаға сәйкес, 37 ең жаңа фильмдер көрсетілмек. Сонымен бірге кинофестиваль шеңберінде «Тыйым салынған қазақ киносы» атты кинобағдарлама өтіп, онда Кеңестік кезеңде түсірілген 6 фильм көрермен назарына ұсынылады.
Сонымен бірге кинофестиваль шеңберінде жетекші кинотанушылар мен продюсерлердің қатысуымен мастер-кластар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
«Еуразия-2005» кинофестивалі бүгін Алматыдағы Республика сарайнда ашылады. Фестивальдің ашылуында жаңа «Көшпенділер» туындысы көрсетіледі.