Қазақстаннан Германий-68 радиоизотопын сату мөлшерін арттыру мәселесі 2005-жылдың аяғына дейін шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Германий-68 радиоизотопын сату  мөлшерін арттыру мәселесі 2005-жылдың аяғына дейін шешіледі

Қазақстаннан Германий-68 радиоизотопын сату мөлшерін арттыру мәселесі 2005-жылдың аяғына дейін шешіледі

Қазақстаннан Германий-68 радиоизотопын сату мөлшерін арттыру мәселесі 2005-жылдың аяғына дейін шешіледі. Бұл туралы бүгін, 26-қыркүйекте Алматыда "Ядролық және радиациялық физика" тақырыбындағы Ү халықаралық конференция аясында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының директоры Қайрат Қадыржанов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Егер АҚШ бізге ойдағыдай баға ұсынып жатса, онда біз иондардың қуатын реттейтін изохронды циклотрондағы жұмыстардың 90 процентін Германий-68 радиоизотопына көшіруге дайынбыз»,- деді Қ.Қадыржанов.

Сонымен бірге ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының директорының айтуынша, қазір институт қызметкерлері Таллий-201 радиациялық изотопын сату туралы АҚШ-тың Лос-Аламос Ұлттық зертханасының өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. «Қазіргі жағдаймен АҚШ жағы нақты коммерциялық ұсыныс білдірген жоқ. Бірақ біз бұл изотопқа қатысты келіссөздер алдағы уақытта өтеді деп сенеміз»,- деді Қ.Қадіржанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың маусым айында ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтынан АҚШ-тың Лос-Аламос Ұлттық зертханасына Германий-68 радиоизотопының көлемі 100 mCi (милликюри) болатын алғашқы партиясы жеткізілді.
2005-жылы бұл көлем 300 милликюриге жеткізіледі деп межеленген еді.
Медициналық мақсатта қолданылатын германий изотопы қазіргі заманғы ядролық медицина саласындағы маңызды заттардың бірі болып табылады. Ол қатерлі ісік, жүрек ақауы және жүйке жүйесі ауруларына алдын-ала диагноз қоюда қолданылады.
Германий — 68 позитрондар бөлетін германий-галлийдің генераторы ретінде қолданылады. Ал ол аппаратураларды калибрлеу және науқастарды томографиялық тексеру нәтижесінің мән-мағынасын ашуда пайдаланылады.

Перейти к новостям спорта