Мемлекет басшысы Қазақстанның Аграрлық партиясының кезектен тыс 6-шы сьезіне қатысады. Құрылтай күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселенің бірі — алдағы сайлауға президенттіктен үміткердің атын ұсыну болмақ.
Сонымен бірге Н.Назарбаев өңірдегі 12 ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындары әзірлеген қазіргі заманғы ауылшаруашылығы техникаларының көрмесіне қатысады.
Президент «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ында болады деп межеленген. Петропавл ауыр машина жасау зауыты еліміздегі осы саладағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Ол Қазақстандағы күрделі мұнай өндіру техникасын, автокөлік және трактор шассилерін, мұнай өңдеуге арналған операциялық және басқа да жабдықтар өндіретін бірден-бір зауыт. Мұнай өндіру және өңдеу саласы үшін кәсіпорын мобильді бұрғылау қондырғыларын, ұңғыларды жөндеуге арналған көтергіш қондырғыларды, жылжымалы булы-генераторлы қондырғыларды, құбырлар мен мұнай өңдеу зауыттарына арналған жылуалмастырғыш аппараттар секциясын өндіру ісін игерді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті