28-30-қыркүйекте "Астана Leisure - 2005" атты екінші халықаралық көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28-30-қыркүйекте "Астана Leisure - 2005" атты екінші халықаралық көрме өтеді

28-30-қыркүйекте "Астана Leisure - 2005" атты екінші халықаралық көрме өтеді

28-30-қыркүйекте республика Елордасында "Астана Leisure - 2005" атты екінші халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы бүгін, 27-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда министрлігінің сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы Қайырбек Өскенбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 492
Фото - Caravan.kz



Қ.Өскенбаевтың айтуынша, көрмеге Венгрия, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Таиланд және Түркияның компаниялары қатысады.
«Әзірге көрме айтарлықтай ауқымды емес. Бірақ 5 жылдан кейін қатысушылар саны бірнеше есе артатыны даусыз»,- деді Қ.Өскенбаев.
Сонымен бірге көрме аясында Қазақстанда туризм саласын кластер түрінде дамыту жөніндегі 7-ші конференция, сондай-ақ, туризм саласын дамыту, гранттар мен инвестициялар тарту үшін бизнес-жоспарлар жасау мен инвестициялық жоспарлар жасау жөніндегі семинар өтеді.
Көрме бүгін, 27-қыркүйекте атап өтілетін бүкілдүниежүзілік туризм күні аясында өткізіліп отыр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті