Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің біртұтас әуеден қорғаныс жүйесін құру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің біртұтас әуеден  қорғаныс жүйесін құру мәселесі талқыланды

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің біртұтас әуеден қорғаныс жүйесін құру мәселесі талқыланды

Бүгін, 27-қыркүйекте Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысында ұйымға мүше елдердің біртұтас әуеден қорғаныс жүйесін құру мәселесі талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ұйым хатшылығының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 342
Фото - Caravan.kz



Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымға мүше елдердің қарулы күштері өкілдерінің іс-қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мәселесі де сарапқа салынады.
Сонымен бірге қол қойылған келісімдер аясында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қарулы күштеріне арнап мамандар дайындау мәселесі талқыланды.
Жаңаша қауіп-қатерлердің алдын алу саласы бойынша тұрақты кеңес Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау мекемелерінің әскери-техникалық ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру тақырыбын қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта