«Халықаралық пактіге біріккен елдерге еңбек ету құқығы, еңбек етуге қолайлы әрі әділетті жағдай жасау, экономикалық және әлеуметтік мүддені қорғау үшін кәсіподақ ұйымдарын құру, әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, бала мен отбасы құқығын қорғау, денсаулық және білім алу құқығы тәрізді міндеттемелер жүктеледі»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев.
«Қазақсанның бұл пактіге бірігуі мемлекетіміздің азаматтық қоғам құру жөніндегі бағдарына сай келеді. Онда жынысы, нәсілі, діни және этникалық тобына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын құрмет тұтуды қамтамасыз етуге басымдық берілген»,- деді вице-министр.
Р.Жошыбаевтың айтуынша, халықаралық пактіге бірігу нәтижесінде мемлекеттер белгілі бір құқықтық міндеттемелерді өзіне жүктеп алады. Оған республикадағы адам құқығының қорғалу жағдайы туралы жыл сайын ақпарат беріп отыруды жатқызуға болады, деді ол.
1966-жылғы 16-желтоқсанда күшіне енген халықаралық пактіге Қазақстанның өкілі 2003-жылдың 2-желтоқсанында Нью-Йоркте қол қойды. Бүгінде бұл пактіге 159 ел біріккен.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті