Назарбаевтың сайлау алдындағы штабы медиа-рынокқа қатысушыларды заң шеңберінен шықпауға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың сайлау алдындағы штабы медиа-рынокқа қатысушыларды заң шеңберінен шықпауға шақырады

Назарбаевтың сайлау алдындағы штабы медиа-рынокқа қатысушыларды заң шеңберінен шықпауға шақырады

Еліміздегі медиа-рынокқа қатысушылар заң шеңберінен шықпауға тиіс,- деп мәлімдеді бүгін, 28-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенттігінен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов кейбір жеке меншік баспаханалардың оппозициялық газеттерді басып шығарудан бас тартуына қатысты оқиғаға берген өз түсініктемесінде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz



«Біз сайлаудың заң шеңберінде өтуін, ешкімге шектеу жасалмауын қолдаймыз»,- деді Б.Жұмағұлов.
«Ең алдымен бұл — коммерциялық ұстаным ба, әлде жоқ па дегенді анықтап алу керек»,- деп пайымдайды ол. «Баспаханалар кейбір оппозициялық газеттерді басып шығарудан бас тартуда дегенді баспасөзден оқып білдік. Осындай әрбір оқиғаның басын ашып, жан-жақты талдау керек»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Свобода слова», «Эпоха» , «Правда Казахстана» сынды кейбір басылымдардың жетекшілері баспаханалар қызмет көрсетуден бас тартуда деп мәлімдеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта