ҚР мұнайгаз жобалары жөніндегі ұлттық мәліметтер қоры Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін дамыту жөніндегі Қазақстан президенті 2003-жылдың 16-мамырында қол қойған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес құрылған.
Мұнайгаз жобалары жөніндегі ұлттық мәліметтер қоры Қазақстандағы мұнайгаз кешені туралы ақпаратты қауіпсіз әрі кәсіби басқаруға арналған. Қазіргі жағдаймен мәліметтер қоры қуаты 140 терабайтты құрайтын еліміздегі ең ірі мәліметтер қоймасы болып табылады. Оның қуатын 6 есеге дейін арттыруға болады.
Жобаны ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бақылауымен «Петродата Қазақстан» АҚ жүзеге асыруда.
Жобаның бірінші кезеңінде Астанада бас компьютерлік орталық құрылып, арнаулы аппараттар мен бағдарламалық қамтамасыздық сатып алынды. Бұған қоса Көкшетау қаласында комитеттің бақылау орталығы құрылды.
Мұнайгаз жобалары жөніндегі ұлттық мәліметтер қоры ашылғаннан кейін жобаның операциялық фазасы басталды. Клиенттерге келісімге қол қою арқылы қызмет көрсетіледі. Сонымен біруақытта ұлттық мәліметтер қорын толықтыру, Ақтөбе, Алматы және Атырау қалаларында филиалдар желісін дамыту жұмыстары атқарылады.
«Петродата Қазақстан» АҚ — Қазақ мұнай және газ институты мен «Халлибертон» компаниялары бірлескен кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын тікелей аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатымен құрылды. «Петродата Қазақстан» АҚ-да қазір 18 адам жұмыс істеуде. Алдағы жылы бұл сан 25-ке жеткізілмек. «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын Қазақ мұнай және газ институты мұнай газ жобалары бойынша жобалау және ғылыми бағыттағы жұмыстармен шұғылданады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті