Мәжіліс Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 28-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен ауыспалы Ауғанстан Ислам республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық негіздері жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz



Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, келісімнің мақсаты — «екі жақты ынтымақтастықты дамытуға құқықтық негіз қалыптастыру» болып табылады. «Келісімді жүзеге асыру — екі ел арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, Ауғанстан мен жалпы осы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді»,- делінген қорытындыда.
Келісімде БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту қарастырылған.
Келісім 2004-жылдың 15-сәуірінде Астанада хатталды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта