Құрылтайға алыс және жақын 32 шетелден, атап айтсақ, Қытай, Австрия, Норвегия, Чехия, Италия, Сингапур және Египет сынды елдерден 300-ден астам өкілдер қатысуда. Ал Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан 200-дей адам жиналды.
Бүгін форумға қатысушылар тарихи отанында инвестиция салу, шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің балаларын Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға жағдай жасау тәрізді мәселелерді талқылайды.
Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы 1992-жылы Алматыда, екіншісі — 2002-жылы Түркістанда өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті