Қарағанды облысында екі адам өндірісте қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі адам өндірісте қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті

Қарағанды облысында екі адам өндірісте қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті

Қарағанды облысында өткен тәулікте екі адам өндірісте қаза тауып, екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 326
Фото - Caravan.kz



Мәселен, Сәтпаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының №10 учаскесіндегі 55-ші шахтада 19 сағат 35 минутта «Т-16» тракторының 28 жастағы жүргізушісі өндіріске кетіп бара жатып, тракторын аударып алды. Соның салдарынан 21 жастағы тау-кен мастері оқиға орнында мерт болып, трактордың жүргізушісі мен 24 жастағы дәнекерлеуші-монтаждаушы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Сарань қаласындағы Саранская шахтасында «Шығыс» деп аталатын К-12 монтаждау камерасында 19 сағат 10 минутта сүйретпе қондырғының канаты үзіліп кету салдарынан 31 жастағы монтаждаушы оқиға орнында қаза тапты.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта