Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-қыркүйекте полицияға аты-жөнін айтпаған біреу темір жол және автобекет ғимараттарында жарылғыш заттар орнатылғаны туралы хабарлаған. Ақпарат 21 сағат 42 минутта келіп түсті. Айтылған жерге арнаулы қызметтер келіп жеткенімен, бекеттердің ғимаратынан жарылғаш заттар табылмады. Адамдар көшірілген жоқ.
Полицияға жалған ақпарат берген адамды тәртіп сақшылары телефон-автоматтан шұғыл түрде қолға түсірді. Ұсталған 22 жастағы Павлодар тұрғыны облыстық психиатриялық диспансерде тіркеуде тұратын көрінеді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті