ТМД ішкі істер министрлері Ереван қаласында Достастық аумағындағы қылмыспен күрес ахуалын талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД ішкі істер министрлері Ереван қаласында Достастық аумағындағы қылмыспен күрес ахуалын талқылауда

ТМД ішкі істер министрлері Ереван қаласында Достастық аумағындағы қылмыспен күрес ахуалын талқылауда

Армения астанасы Ереван қаласында ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Онда Достастық аумағындағы қылмыспен күрес ахуалы талқылануда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 396
Фото - Caravan.kz



Хабарламада атап көрсетілгеніндей, отырыс барысында ішкі істер мекемелерінің түрлі шұғыл қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін, мемлекетаралық қылмыспен күрес, сондай-ақ, лаңкестік, заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымымен күрес және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын талқылау көзделген.
Сонымен бірге отырыс күн тәртібіне ТМД елдеріндегі заңсыз көші-қонмен және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ықпалдастықты нығайту мәселелері де енгізілген. Тараптар айдап әкетілген және ұрланған автокөліктер, тәркілеп алынған, ұрланған және өз еркімен табыс етілген қару-жарақтар, іздеудегі қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендер туралы мемлекетаралық мәліметтер қорын түзу және оны пайдалану тақырыбын да талқыламақшы.
Отырыс барысында ТМД ішкі істер министрлерімен екі жақты және көп жақты кездесулер өтіп, онда мемлекетаралық ықпалдастықтың, соның ішінде шекаралық аймақтардағы ықпалдастықтың келешегі тәптіштеледі.
Кездесуден кейін ТМД ішкі істер министрлерін Армения президенті Роберт Кочарян мен барша армяндардың католикосы Гарегин екінші қабылдайды.
Кеңестің отырысына Қазақстаннан ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков басқарған өкілдер қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта