Қазақстан 2005-жылы 58,4 млн. тонна көмір сатады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2005-жылы 58,4 млн. тонна көмір сатады

Қазақстан 2005-жылы 58,4 млн. тонна көмір сатады

Қазақстандағы көмір қазушы компаниялар 2005-жылы 58,4 млн. тонна көмір сатады. Оның 44,2 млн. тоннасы қуат өндіруші компанияларға сатылмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz



Ел ішіндегі тұтынушыларға 41,4 млн. тонна көмір сату көзделген. Ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 40,8 млн. тоннаны құрады. Республикадан тысқары жерлерге 17,2 млн. тонна көмір шығарылды. Оның 16 млн. тоннасы (жалпы экспорттың 93 проценті) Ресейге сатылды. Қазақстан көмірін негізінен Орал мен Сібірдің ірі электр станциялары тұтынады.
«Біз Ресей нарығынан айрылып қалмауға тиіспіз. Бұл рыноктағы біздің қазір иемденіп отырған орнымызды басқаға беріп жіберуге болмайды»,- деді бүгін, 29-қыркүйекте ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Владимир Школьник.
Сонымен бірге Қазақстан көмірі Қырғызстан, Украина, Румыния, Венгрия, Польша, Түркия, Италия және Сербияға экспортталуда. Бұл елдерге 2005-жылы 2 млн. тонна қазақ көмірі сатылады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта