Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Астанадағы дипломатиялық корпусқа сайлау алдындағы науқанның барысы туралы мағлұматтар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Астанадағы дипломатиялық корпусқа сайлау алдындағы науқанның барысы туралы мағлұматтар берді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Астанадағы дипломатиялық корпусқа сайлау алдындағы науқанның барысы туралы мағлұматтар берді

Бүгін, 29-қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Елордасында аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 429
Фото - Caravan.kz

О.Жұмабековтың айтуынша, осындай кездесу ұйымдастыру туралы шешім «шетелдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан Орталық сайлау комиссиясына келіп жатқан көптеген сауалдарға байланысты» қабылданды. «Халықаралық қоғамдастық алдағы сайлауға үлкен қызығушылық танытуда»,- деді ол.
Кездесу барысында О.Жұмабеков шетелдік елшілерді 4-желтоқсандағы президенттік сайлауға дайындық барысымен таныстырды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлау процессіне бақылаушы ретінде қатысатын шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерін аккредитациялау шарасы 9-қыркүйекте басталды. «Жеке азаматтарды біз аккредитацияламаймыз»,- деді ол.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының хабарлауынша, «сайлау алдындағы науқан барысында митинг және шерулер өткізуден бастап үгіт-насихаттың бәр түрін пайдалануға болады».

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта