Қазақстан президенті Корея елшісінің сенімхатын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Корея елшісінің сенімхатын қабылдады

Қазақстан президенті Корея елшісінің сенімхатын қабылдады

Бүгін, 29-қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ким Иль-судың сенім грамотасын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 331
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстан секілді жоғары қарқынмен дамып келе жатқан елде жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Екі елдің қарым-қатынас әлеуеті өте жоғары»,- деді Ким Иль-су.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық байланыс 1992-жылдың 28-қаңтарында орнаған. Қазақстан мен оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымының ауқымы 2003-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2004-жылы 86 процентке өсіп, 410,5 млн. долларды құрады. 2005-жылдың алғашқы жартысында екі ел арасындағы сауда көлемі 272 млн. долларға жетті. Соның ішінде экспорт — 120 млн., импорт — 152 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта