Оралда 25 бала іш ауруымен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 25 бала іш ауруымен ауруханаға түсті

Оралда 25 бала іш ауруымен ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 25 бала іш ауруымен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, қаладағы «Еркемай» атты балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндер қыркүйектің 22-мен 27-сі аралығында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 23-қыркүйектен бастап балабақшаның жұмысы доғарылды. 25 баланың бәрі де стационарда емделіп жатыр,- делінген хабарламада.

Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жаңадан ауру жұқтырғандар тіркелген жоқ. Ал ауырған балалармен байланыста болғандар учаскелік балалар дәрігерлерінің бақылауында,- деп хабарлайды министрлік.

Перейти к новостям спорта