Полицияның түсініктемесіне сәйкес, «визаларында көрсетілген елге келу мақсаттарында сәйкессіздік болуға байланысты» барлық 50 адам да елден шығарылады. Сонымен бірге «арзан жұмыс күшін жалдап ақша үнемдемек болған» жұмыс берушілер де ақшалай айыппұл түрінде әкімшілік жаза жүктемек.
Полицияның мәліметі бойынша, бұл — соңға бір аптада ел аумағынан шығарылған шетелдіктердің екінші легі. Жуырда ғана Тәжікстанның 150 адамнан тұратын 37 отбасы Қазақстан аумағында болуға мүмкіндік беретін құжаттары болмауға байланысты елден шығып кетуге мәжбүр болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті