Семейлік дәрігерлер Жапонияға білім шыңдап қайтуға шақыру алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік дәрігерлер Жапонияға білім шыңдап қайтуға шақыру алды

Семейлік дәрігерлер Жапонияға білім шыңдап қайтуға шақыру алды

Жапонияның ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға халықаралық көмек көрсетуді жеделдету және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі "HICARE" кеңесі Семейдегі медициналық мекемелермен ынтымақтастыққа ықылас танытып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау және радиация жөніндегі Хиросималық халықаралық кеңесші Арита Кеничи Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаровпен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz



А.Кеничидің айтуынша, «HICARE» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі медицина қызметкерлерін мамандандыру және біліктілігін шыңдау бағытында жұмыс істейді. «Медицинаның барлық бағыттары бойынша біліктілік шыңдалады. Тек ауру түрлерін емдеуден ғана емес, сонымен бірге аппаратуралармен жұмыс істеуге де машықтандырамыз. Мәселен, биопсия және пункция алу жолдарын үйретеміз. Мамандар бізде 1-ден 3 айға дейін оқып қайтады»,- деді ол.
А.Кеничи өз сапарының басты мақсаты — «HICARE» жобасы мен Семейдегі медициналық мекемелер арасындағы байланысқа негіз салу екенін жеткізді. Ол сонымен бірге Жарпонияда білім шыңдауға тек дәрігерлерді ғана емес, сонымен бірге медбикелерді де жіберу қажеттігін атап өтті.
Сөйтіп, Семей қаласы әкімінің тапсырмасымен қалалық денсаулық сақтау бөлімі өзара ынтымақтастық туралы ниет хаттамасын жасамақ.
«HICARE» кеңесінің өкілдері Семейде 2-қазанға дейін болады. Меймандар радиологиялық орталық, онкологиялық диспансер мен консультативтік-диагностикалық орталықты аралап көрмекші.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта