2005-жылы "Қазақмыс" тазартылған мыс өндіру мөлшерін 420 мың тоннаға дейін азайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы "Қазақмыс" тазартылған мыс өндіру мөлшерін 420 мың тоннаға дейін азайтады

2005-жылы "Қазақмыс" тазартылған мыс өндіру мөлшерін 420 мың тоннаға дейін азайтады

2005-жылы "Қазақмыс" корпорациясы тазартылған мыс өндіру мөлшерін 420-425 мың тоннаға дейін азайтады. Бұл туралы бүгін, 30-қыркүйекте Алматыдағы халықаралық экологиялық форум шеңберінде өткізілген баспасөз мәслихатында "Қазақмыс" корпорациясы басқармаларының төрағасы Руслан Юн мәлім етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2005
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Кенді өңдеу көлемі азайған жоқ , керісінше, арта түсті. Қазір кедей кендер игерілуге байланысты металл мөлшері азайып отыр»,- деді Р.Юн.
Сонымен бірге, тазартылған мыс өндіру мөлшерінің кеми түсуіне «Шығыс Қазақстанда туындаған техникалық проблемалар да себепші». «Онда карьердің қабырғасы құлап кетті. Оны қалпына келтіруге 6 айдай уақыт сарп етілді. Негізгі жұмыстар қазір ғана басталып отыр»,- деді Р.Юн.
«Жыл қорытындысы бойынша біз 420-425 мың тонна тазартылған мыс өндіруді көздеп отырмыз»,- деді корпорация басшысы.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта