Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады. Ол 2001-жылы құрылған.
Әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрады. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында бір «Бойнг 737-800», екі «Бойнг-737-700», үш «Бойнг-757-200» және бес «Фоккер-50» ұшағы бар.
2005-жылдың аяғына дейін әуе компаниясы 6 млн. доллардың пайдасын таппақшы. 2004-жылы салық төленгеннен кейінгі әуе компаниясы тапқан пайда көлемі 11,7 млн. долларды, 2003-жылы 1,7 млн. долларды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті