ТМД аясындағы заңсыз көші-қонмен күрес мәселесі Минскіде талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД аясындағы заңсыз көші-қонмен күрес мәселесі Минскіде талқыланады

ТМД аясындағы заңсыз көші-қонмен күрес мәселесі Минскіде талқыланады

4-6-қазанда ТМД-ға қатысушы елдердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы 1998-жылдың 6-наурызындағы келісімге қол қойған елдердің бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2005
  • 527
Фото - Caravan.kz



Хабарламада атап көрсетілгеніндей, отырыста бірлескен комиссияға қатысушы елдердегі көші-қонға қатысты ахуал туралы ақпарат жария етіледі.
Сонымен бірге мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжаттардың тізімін ықшамдау жұмыстары бойынша тәжірибе алмасып, адамның биометриялық мәліметтерін пайдаланатын құжаттар мен басқа да төлқұжаттық қағаздарын қорғаудың сенімділігін арттыру жұмыстарының жайы, бірлескен комиссияға біріккен елдерде ТМД-ға қатысушы елдердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы 1998-жылдың 6-наурызындағы келісімді жүзеге асыру, соның ішінде аталмыш келісімнің заңсыз мигранттарға қатысты және мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес елге келуге тыйым салынған мигранттарға қатысты мәліметтер базасын құру жөніндегі бөлімінің орындалу жайы туралы ақпараттарды алмасады.
Сонымен бірге бірлескен комиссияның ТМД елдерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру шаралары мен ТМД-ға қатысушы елдердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы 2006-жылға арналған ынтымақтастығы туралы келісіміне қол қойған елдердің бірлескен комиссиясының жұмыс жоспарына қатысты ұсыныстарды қарап бекіту межеленген.
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 2004-жылдың 16-сәуірінде болған ТМД үкімет басшыларның кеңесінде қабылданған шешім аясында құрылған бұл комиссия — ТМД-ға қатысушы елдердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы 1998-жылдың 6-наурызындағы келісімге қол қойған елдер үкіметтерінің консультативтік-кеңес органы болып табылады. Комиссия заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға түрткі болу, осы саладағы халықаралық келісімдердің жобаларын жасауға қатысты нұсқаулар әзірлеу, заңсыз көші-қонның алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстарына талдау жасап, тәжірибе таратуға тиіс.
Комиссияға келісімге қол қойған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің толық құқылы уәкілдері енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті