Қазақстандағы президент сайлауына жіберілетін ТМД бақылаушыларының миссиясы жетекшісінің кандидатурасы Минск қаласында қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы президент сайлауына жіберілетін  ТМД  бақылаушыларының  миссиясы жетекшісінің кандидатурасы  Минск қаласында қаралады

Қазақстандағы президент сайлауына жіберілетін ТМД бақылаушыларының миссиясы жетекшісінің кандидатурасы Минск қаласында қаралады

4-қазанда ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарының жанындағы толық құқылы тұрақты уәкілдердің кеңесі Қазақстандағы президент сайлауына жіберілетін ТМД бақылаушыларының миссиясы жетекшісінің кандидатурасын қарайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атқару комитеті ТМД Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайлоның кандидатурасын қолдады.
Сонымен бірге отырыс барысында ТМД жылы деп жарияланған 2006-жыл мен ТМД-ның құрылғанына 15 жыл толуына арналған шаралардың жоспары талқыланады. Бұған қоса ТМД Атқару комитеті мен ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарының жанындағы толық құқылы тұрақты уәкілдердің кеңесінің ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің 2005-жылғы 26-тамыздағы Достастық органдарын жетілдіру және жаңалау жөніндегі шешімін орындауға бағытталған бірлескен шараларының жоспары пысықталады.
Сондай-ақ, ТМД Атқару комитеті, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұрақты халықаралық хатшылығы мен Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарды жобалап, аталмыш халықаралық ұйымдар арасында келісі туралы мәселе қаралады.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті