«Бұл әрекетті мен қалаға ультиматум қою деп бағалаймын. Мұндай көзқараспен келісуге болмайды»,- деді А.Быстров.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Шығыс Қазақстан авто тасымалдаушыларының одағы» Қауымдастығы 10-қазаннан бастап қоғамдық көлікпен қатынау бағасы 35 теңгеге дейін арттырылатынн мәлімдеген болатын. Қауымдастық басшылығы бұл шешімді жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен авторезинаның қымбаттауымен байланыстыра түсіндірген.
Ал қалалық билік мұндай әрекеттермен келісе алмайтынын мәлімдеп отыр. «Қала тұрғындарының мүддесі мен құқықтарына қайшы келетін мұндай шараға біз жол бермейміз»,- деп мәлімдеді әкім. «Егер авто тасымалдаушылар өзара бірігіп, базардағы монополис ретінде бізге шарт қоямыз деп ойласа, онда қателескені»,- деді А.Быстров. «Біз мұндай әрекетке қарсымыз және тендер шарттарын қайта қарауға мүмкіндігіміз бар»,- деді ол.
Қалалық әкімшілік автотасымалдаушылар қауымдастығына шешімді өзгертуді ұсынды. Олай болмаған жағдайда тендер шарты қайтадан қаралып, жаңа байқау өткізіледі, деді әкім.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті