Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының бірінші кезегі белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі -Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының бірінші кезегі белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі -Школьник

Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының бірінші кезегі белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі -Школьник

Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының бірінші кезегі белгіленген мерзімде, яғни, 2005-жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін, 4-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қазан 2005
  • 578
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан — ҚХР үкіметаралық келісімінің аясында жүзеге асырылуда. Мұнай құбырын тарту үшін «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС атты бірлескен жобалаушы компания құрылған. Оның құрылтайшылары — еліміздегі ең ірі мұнай тасымалдаушы компанияға саналатын «ҚазТрансОйл» АҚ мен Қытайдың мұнай және газ қорын барлау және игеру жөніндегі Ұлттық корпорациясы болып табылады. Олар бірлескен компанияны 50 проценттік тең үлеспен құрған.
Мұнай құбырының ұзындығы 988 шақырым, құбыр диаметрі 813 мм-ге тең. Жобаны жүзеге асыру үшін 720 мың тонна құбыр қажет. Бастапқы кезеңде мұнай құбыры жылына 10 млн. тонна мұнай тасымалдау қуатына ие болмақ.
Ал жобаның екінші кезеңінде өткізгіштік қабілеті 20 млн. тоннаға жеткізілмекші.
Мұнай құбыры жұмыс істей бастаған алғашқы кезеңде қазіргі бар мұнай құбырларымен «Атасу » мұнай өңдеу станциясына құмкөл және батыс-сібір мұнайын тасымалдау көзделіп отыр. Реконструкциядан кейін «Атасу» мұнай өңдеу станциясы мұнай айдаушы бас станция ретінде пайдаланылады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта