«Азаматтық авиация комитеті саланы дамыту бағдарламасның жобасын жасау жөніндегі тапсырманы орындамады»,- деп мәлімдеген Д.Ахметов бұл бағдарламаны комитет биылғы жылдың мамыр айында дайындауға тиіс болғанын ескертті. Алайда, комитет төрағасы Алматбек Мәмбетовтың айтуынша, Азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасы қазан айында жасалып бітеді.
«Үкімет жаңа ұшақтар сатып алуға маусым айында бұл салаға 120 млн. доллар көлемінде инвестиция бөлуге дайын болатын»,- деді Д.Ахметов. «Алайда, министрліктегілер мен комитеттегілер үкіметтің бұл шешіміне назар аудармады. Ал біз қаржыландыру схемасын тез арада қарауға дайын едік»,- деді министрлер кабинетінің жетекшісі. «Комитет басшылығы тіпті саланы дамытудың ортақ идеологиясын да ойластыра алмауға байланысты шешім кейінге қалдырылды»,- деді үкімет басшысы.
Үкімет басшысы комитетке саланы даму негізін осы айдың аяғына дейін дәйектеуді тапсырды. «Комитет ұшақтар қысқа мерзімді лизингіге сатып алына ма, әлде, «Эйр Астана әуе компаниясының капитал қорын ұлғайту керек пе дегенді кесіп айтуға тиіс. Үкімет осындай қадамға дайын»,- деді үкімет басшысы. Сонымен бірге Д.Ахметов азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасына әуежайлардың жер үсті қызметтерін дамыту бағдарламасын да қамтуды тапсырды.
«Біз Азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасын қаржыландыруға дайынбыз. Бірақ техника-экономикалық негіздеме мен саланың дәл қандай бағытта дамитыны туралы нақты идеологиясы болмайынша, біз оны жүзеге асыра алмаймыз»,- деді үкімет басшысы.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті