Орталық сайлау комиссиясы мемлекет қаржысының есебінен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін БАҚ-тарды іріктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы мемлекет қаржысының есебінен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін БАҚ-тарды іріктеді

Орталық сайлау комиссиясы мемлекет қаржысының есебінен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін БАҚ-тарды іріктеді

Орталық сайлау комиссиясы мемлекет қаржысының есебінен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін БАҚ-тарды айқындады. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда өткен отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қазан 2005
  • 637
Фото - Caravan.kz



«Біз бұл мақсатта «Қазақстан» ТРК, Қазақ радиосы, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерін таңдадық»,- деді О.Жұмабеков.
«Заң бойынша мемлекет ресми тіркелген әрбір үміткерге БАҚ-тарда үгіт-насихат жүргізу мақсатына қаржы бөлуге кепілдік береді»,- деді комиссия төрағасы. Ресми тіркелген әрбір үміткер мемлекет қаржысының есебінен 15 минут телеарналар арқылы, 10 минут радио арқылы сөйлеу, басылымдарда 0,1 баспа табақ мөлшерінде 2 мақала жариялауға құқылы.
О.Жұмабеков қазіргі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаев пен «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайды Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер ретінде ресми тіркегенін еске салды. «Басқа үміткерлердің жақтастары қол қойған парақшаларды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді комиссия төрағасы.
Орталық сайлау комиссиясы бүгін сондай-ақ сайлаушылардан сайлау учаскелеріне келіп өз фамилияларын аумақтық сайлау комиссияларының тізімінде бар-жоқтығын тексеруді сұрады.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті