Қазақстан мен Еуропалық Одақ республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуропалық Одақ республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті

Қазақстан мен Еуропалық Одақ республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Елімізде “Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісімді жүзеге асыруды қолдау” атты жобаның екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Шiлде 2006
  • 432
Фото - Caravan.kz

“Жобаның басты мақсаты – Қазақстанға үкіметтің стратегиясын жүзеге асыруға көмектесу, ел экономикасын дамыту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға қолдау көрсету, Қазақстанның заңнамалық базасын Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкестендіруге көмектесу болып табылады”,- деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің жетекшісі, елші Адриан ван дер Меер бүгін журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру Қазақстанға дүниежүзінің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына кіруге көмектеседі.

Бұл жобаны Еуропалық Одақ Қазақстан парламентінің мәжілісімен бірлесе жүзеге асыруда. Жобаның екінші кезегі 18 айға созылады. Оны жүзеге асыруға Еуропалық Одақ 1,2 млн. евро көлемінде грант бөлуде.