“Меніңше, талапты қатайту – нарыққа әсер етеді деп ойламаймын”,- деді Ә.Сәйденов. Оның айтуынша, “валюта нарығында банктер емес, олардың клиенттері – экспорттаушылар шешуші роль атқарады. Солар банктерге валютаны сатуға нұсқау береді”.
“Сол себепті мүмкін шамалы ғана түзетулер болуы мүмкін. Банктер 18-шілдеде ең төменгі резерв жөніндегі талаптың қалай бекітілетініне қарай өз қоржындарын өзгертетін болады”,- деді еліміздің бас банкирі. “Бірақ бұл еліміздегі валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді”,- деді Ә.Сәйденов.