Шымкент мектептерінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент мектептерінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды

Шымкент мектептерінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды

ШЫМКЕНТ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Шымкент мектептерінде оқытушылардың жүктемесі мен маман саясаты тұрғысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Шымкент қалалық әкімшілігінің отырысында қалалық қаржы бөлімі осындай тексеру қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2006
  • 564
Фото - Caravan.kz

Қаржы бөлімінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында анықталғанындай, Шымкенттегі 78 мектептегі 8 мың ұстаздың 435-і бір аптада небәрі 18 сағаттық жүктемемен еңбек еткен. “Бұл жалақы мөлшеріне кері әсер етті”. Алайда, сыныптарды жасақтауда мұғалімдер санының артықтығы ескерілместен, 2005-2006-шы оқу жылында 876 мұғалім жұмысқа қабылданып, 478-і жұмыстан шығарылған.

Мұғалімдер санының осылайша нормативтен артып кеткеніне қарамастан, мектептерде социология, физика, математика тәрізді жекелеген пәндер бойынша оқытушылар жетіспейді. 149 мұғалім мамандығына сай емес пәндерден сабақ береді.
Ал мектептердегі 110 қызметкердің мүлдем дипломы жоқ болып шыққан. Мектеп басшылары қызметкерлердің дені жоғару оқу орнының сырттай оқитын бөлімінде білім алып жатқанымен түсіндірген. Мәселен, №34 мектепте екінші курста сырттай оқитын қыз балаларға тарих пен саясаттанудан сабақ берген.

Комиссияның есебін тыңдаған қала әкімі Өмірзақ Әметұлы былай деді: “Мұғалімдікке көбінесе туыстар мен достарды алған мерзім келмеске кеткен секілді еді. Қазір мектепте мұндай қарым-қатынасқа жол берілмейді дегенді қатаң мәлімдеймін. Осыны түсінбеген мектеп директорлары басқа жерден жұмыс іздейтін болады”.
Әкім қалалық білім беру бөліміне жаңа оқу жылының басына дейін тексеру барысында анықталған барлық кемшіліктерді жоюға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта