Республика үкімет басшысы үкіметтің резервінен қазақ-өзбек шекарасын нығайтуға 437 млн. теңге бөлуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы үкіметтің резервінен қазақ-өзбек шекарасын нығайтуға 437 млн. теңге бөлуді тапсырды

Республика үкімет басшысы үкіметтің резервінен қазақ-өзбек шекарасын нығайтуға 437 млн. теңге бөлуді тапсырды

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен отырыста үкімет басшысы Даниал Ахметов үкіметтің резервінен қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын нығайтуға 437 млн. теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz

“Шекаралық әскерлердің маневрлері мен қозғалатын жолдарын салу мен жабдықтауға 125 млн. теңге, қоршау бөгеттерді салуға 308 млн., жұмыстың атқарылуына қажетті ресурсты қамтамасыз етуге 3 млн. теңге бөлуді тапсырамын. Нәтижесінде үкіметтің резервінен 437 млн. теңге бөлу қажет”,- деді Д.Ахметов.

“Біз мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаржы бөліп отырмыз”,- деді ол.

Дегенмен, Д.Ахметов “үкіметтің резервінен “төтенше жағдайлардың залал-зардаптарын жоюға ғана” бөлінуге тиіс екенін атап өтті. “Бірақ мен осы жағдайды төтеншеге теңеу қажет деп санаймын. Өз шекарамызды бекітуге ақша бөлгеніміз үшін ешкім бізді айыпқа бұйырмайды деп ойлаймын”,- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге Д.Ахметов Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекара сызығының бойында орналасқан 60 үйді бұзуға арналған қаржыны үкіметтің резервінен “үкіметтің айрықша қажеттігі” деген бап бойынша бір айдың ішінде бөлуге тапсырма берді.
“Әкімшілік өтемақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарды айқындау үшін қажетті қаржылық есептерді таныстыруға тиіс”,- деді Д.Ахметов.

Перейти к новостям спорта