«Біз ауқымды мәдени бағдарлама дайындадық. Ондағы басты мақсат — шетелдік көрерменді Қазақстандағы бірегей әрі әр алуан шығармашылықпен таныстыру. Үрімжіге баратындардың арасында танымал қазақстандық жеке орындаушылар, опера әншілері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер бар»,- дейді департамент өкілі.
Атап айтсақ, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев пен «Ұлытау» тобы бар.
Сонымен бірге фестиваль аясында жаңа қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтіп, кино және театр қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.