Елбасы бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы бірқатар кездесулер өткізді

Елбасы бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 354
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы, Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Жармахан Тұяқбайды оның өтініші бойынша қабылдады.

Кездесу барысында Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына байланысты мәселелер талқыланды.

— Бүгінгі кездесуде елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуал мәселелері талқыланды, — деді Ж.Тұяқбай журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы басқармасының төрағасы Серік Ахметовті қабылдады.

С.Ахметов Одақтың жұмыс қорытындылары, алдағы кезеңде атқаратын перспективалық жоспарлары мен жобалары туралы баяндап берді.

— Мемлекет басшысы біздің жоспарларымызға қолдау білдірді және нақты тапсырмалар жүктеді. Алға қойылған міндеттер «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының күн тәртібіндегі басымдыққа ие мәселелер болмақ, — деді С.Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта