«Қазіргі жағдаймен іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жанданды. Тағдыры белгісіз болып келген 25 адамның екеуі жер бетіне тірі шықты. Екі кенші де әл үстінде Шахтинск қалалық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілді»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ына қарасты Ленин атындағы шахтада жарылыс салдарынан 18 кеншінің мәйіті табылып, 25 адам жер астында қалып қойған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті