Осынау ауқымды халықаралық медициналық форумға қатысу үшін ТМД -ға қатысушы 11 ел мен Австрия, Германия, Үндістан, Иран және Түркияның танымал дәрігерлері мен ғалымдары жиналды. Жалпы алғанда сьезге 1000-ғажуық ғалымдар мен дәрігерлер қатысуда. Делегаттардың арасында ұлттық ғылым академияларының 21 нағыз мүшелері мен 17 корреспондент -мүшелері, 177 профессор, 278 ғылым докторы , 25 доцент пен 295 ғылым кандидаттары бар.
Құрылтайдың басты тақырыбы — қатерлі ісіктің алдын алу және онкологиялық аурулар туралы.
Бүгін Ресейдің медицина ғылымдары академиясының академигі, профессор Н.Напалков «Демографиялық кезеңдегі онкологияның әлеуметтік проблемалары» атты баяндама, Ресейдің медицина ғылымдары академиясының корреспондет-мүшесі В.Семиглазов «Сүт безінің қатерлі ісігін эндокриндік емдеу» атты баяндама жасайды.
Құрылтай аясында 28-30-қыркүйек аралығында «Онкология-2006» атты халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті