Алматыда жол апатынан бір адам мерт болып, тоғызы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан бір адам мерт болып, тоғызы жараланды

Алматыда жол апатынан бір адам мерт болып, тоғызы жараланды

АЛМАТЫ. 9-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда жол апатынан бір адам мерт болып, тоғызы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қазан 2006
  • 450
Фото - Caravan.kz

Апат жексенбі күні кешке Марков көшесі мен аль-Фараби даңғылдарының қиылысында болған. «Тойота» автокөлігінің 36 жастағы әйел жүргізушісі 31 жастағы еркек айдаған «Ауди» автокөлігімен соқтығысып қалды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жол апаты салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі мен екі көлікте отырған сегіз жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Зардап шекккендердің арасында бес жасқа дейінгі үш бала бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта