Технопарктің ашылу рәсіміне ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин, «Қазына» қоры басқармалары төрағасының орынбасары Әсет Исекешев пен аймақтағы ЖОО мен ҒЗИ өкілдері қатысты.
«UniScienTech» аймақтық технопаркі 2650 шаршы метр аумақты алып жатыр. 2007-жылы технопарктің базасында облыста алғаш рет бұйымдарды автоматты түрде жобалау және тәжірибелік үлгілер мен прототиптерді өндіру функциялары бар конструкторлық-технологиялық орталық құру көзделіп отыр.
Келесі жылы мұнда материалдардың құрылымы мен микроқұрылымын зерттейтін қазіргі заманғы жабдықтармен, аспаптармен және технолгиялармен жабдықталған орталықтандырылған көп салалы зертхана жұмыс істейді деп күтілуде. Сол үшін сәулелік микроскопия саласындағы «Carl Zeiss» және сынамалар әзірлеуге арналған «Leco Corporation» жабдықтары сатып алынды.
Сонымен бірге технопарк бизнес-инкубатор ролін атқарады. Ол инновациялық жобаларды жүзеге асыруға кіріскен компанияларға қажетті қызметтер түрін көрсетеді. Қазір технопаркте 91 жоба қаралуда. Бес жоба бойынша грант алуға өтініштер рәсімделіп, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ына жолданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда «Alatau IT city» ұлттық деңгейдегі алғашқы технопарк жұмыс істеп жатыр. Ал осы жылдың 2-қазанында Оралда мемлекет басшысыынң қатысуымен «Алгоритм» технопаркі ашылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті