Алматыда арнаулы қызмет өкілдері ірі көлемде есірткі партиясын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда арнаулы қызмет өкілдері ірі көлемде есірткі партиясын жойды

Алматыда арнаулы қызмет өкілдері ірі көлемде есірткі партиясын жойды

АЛМАТЫ. 18-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда ҰҚКД өкілдері сот үкімін орындатушылардың қатысуымен 2005-жылғы арнаулы операциялар барысында заңсыз айналымнан шығарылған ірі көлемдегі есірткі партиясын жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қазан 2006
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бүгін 67 килограмм героин мен 217 килограмм апиын жойылды.

Бұл есірткі партиясы 2005-жылдың маусым айында «Қақпан» атауы берілген арнаулы операция барысында тәркіленген. Халықаралық есірткі тасымалымен шұғылданатын топтың жетекшісі Хикматулло Махмадов пен оның сыбайластары «Алматының түрлі жерлерінде Қазақстанның солтүстігі мен одан әрі Ресейге есірткі тасымалдайтын аралық нүктелерді ұйымдастырған». Қазір Махмадов пен оның сыбайластары түрлі жылдарға сотталып түрмелерде отыр.

Жалпы алғанда ҰҚК органдары ағымдағы жылдың басынан бері 20 халықаралық есірткі тасымалдау арнасын, есірткі тасымалын кәсіпке айналдырған 8 топты жойды. Заңсыз айналымнан 800 килограмм апиын мен героин шығарылып, 135 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Тек Алматы қалалық ҰҚКД жыл басынан бері есірткі саудасымен күрес саласы бойынша 16 қылмыстық іс қозғап, 13 адамды ұстап, 400 килограмм есірткі, соның ішінде 67 килограмм героин, 330 килограмм апиын мен 3200 дана «экстази» таблеткасын заңсыз айналымнан шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта