«Біз Шымкент әуежайының Ташкент әуежайының баламасына айналуын қалаймыз»,- деді ол. «Егер Шымкентте жақсы әуе айлағы мен транспорттық-логистикалық орталық салатын болсақ, онда Өзбекстан таяудағы 5-7 жылда бізге бәсекелес бола алмайды»,- деді үкімет басшысы.
«Олар онда өзгерістер жүргізіп жатқан уақытта біз көш ілгері озып кетуіміз керек»,- деді Д.Ахметов. Ташкентке ұшып жатқан әуе компаниялары жайында сөз қозғаған үкімет басшысы былай деді: «ол жаққа қандай тасымалдаушының ұшып жатқаны маңызды емес, маңыздысы — Ташкентке ешкім ұшпауы керек».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті