Қазақстандық шекарашылар Тәжікстан азаматынан 1,6 килограмм героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Тәжікстан азаматынан 1,6 килограмм героин тәркіледі

Қазақстандық шекарашылар Тәжікстан азаматынан 1,6 килограмм героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 19-қазан. Kazakhstan Today. Өскемен шекарашылар жасағының шекарашылары Тәжікстан азаматынан Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан алып өтпек болған 1,6 килограмм героинді тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 19 Қазан 2006
  • 389
Фото - Caravan.kz

Есірткі тасушы Алматыдан Новосибирск қаласына бет алған № 326 жолаушылар поезын «Ауыл-темір жол» өткелегінде тексеру кезінде ұсталды. «Шекарашылар жасағы жолаушының іс-әрекетінен күдіктеніп, оның заттарына тексеру жүргізуге шешім қабылдайды»,- дейді баспасөз қызметіндегілер. Тексеру кезінде ер адамнан жалпы салмағы 650 грамм ұнтақ салынған 2 дорба табылды. Сараптама оның жоғары сапалы героин екенін көрсетті. Сонымен бірге оның сөмкесінен құпия қалтаға жасырылған тағы 1 килограмнан астам героин шықты.

«Қазір ол ҰҚК-нің тергеушілеріне жауап беруде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта