Д.Ахметов Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталын толықтыру үшін «жылжымайтын мүлік, жер ресурстары мен стратегиялық маңызы барларынан басқа жер қойнауларын, инфрақұрылымдық нысандарды» корпорациялардың иелігіне беру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. «Бұған қоса Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталына қазірде республикалық бюджетке аударылатын экологияны пайдаланғаны үшін төлемдердің кейбір түрін беру мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырамын»,- деп мәлімдеді Д.Ахметов бүгін үкіметтің отырысында.
Осыған байланысты үкімет басшысы «барлық өткеріп берілетін активтердің нарықтағы құнын бағалауға» тапсырма берді. «Активтер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың иелігіне өткеннен кейін акционерлік қоғамдар құрылады. Сөйтіп Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтағы тауқыметтерді шешу үшін капитал тарту мүмкіндігіне ие болады»,- деді ол.
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың іс-қызметінде инновациялық жобаларға басымдық беріледі»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, «республикалық бюджетте әрбір Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (барлығы 7) 2 млрд. тңгеден бөлу көзеделген».
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құруға қатысты кезек күттірмейтін мақсататрды шешуге үкімет басшысы жұмыс тобына бір ай уақыт берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті