Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген

Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген

АҚТӨБЕ. 19-қазан. Kazakhstan Today. Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

  • 19 Қазан 2006
  • 571
Фото - Caravan.kz

Қалашықты қазіргі облыстық соттың ғимаратын қоршай шоғырландыру көзделген: бұл жерде қалалық сот, экономикалық сот, әкімшілік сот пен Ақтөбе облыстық соттарының әкімшілігі орналасады. «Қазір бұл соттар облыс орталығының түрлі аудандарында бытырай орналасқан. Ал қалашық орнату — ақтөбеліктердің игілігі үш жасалатын қадам»,- дейді облыстық соттағылар.

Әділет қалашығы қазіргі заманғы техникамен жарақтанады. «Бұл мақсатқа қаржы не жергілікті бюджеттен бөлінеді, не болмаса, демеушілердің көмегі пайдаланылады»,- деді ақпарат көзі.

Ал әзірге жергілікті әділет мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыздығы сын көтермейді. «соттарда тіпті кеңес құратын бөлмесі де жоқ», деп кейіді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұхтар Есжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта