Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін 112-алаңның монтаж-сынақ корпусында «Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-58» жүк таситын кораблі түйістіріле бастады. Сенбіде «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін ұшыру кешеніне шығарылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-58» жүк таситын кораблі 23-қазанда Астана уақытымен 19 сағат 40 минутта ұшырылады.
«Прогресс М-58» жүк таситын кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, су және 14-негізгі экспедициядағы ғарышкерлерге арналған азық-түлік тауарлары, ғылыми жабдықтар мен Ресейдің «Электрон» оттегін регенерациялау жүйесін қайта іске қосуға арналған жабдықтарды жеткізеді.