Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға гепатиттен вакцина егуге қажетті қаржының небәрі 10 процентін бөлу межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға гепатиттен вакцина егуге қажетті қаржының небәрі 10 процентін бөлу межеленген

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға гепатиттен вакцина егуге қажетті қаржының небәрі 10 процентін бөлу межеленген

ШЫМКЕНТ. 23-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға гепатиттен вакцина егуге қажетті қаржының небәрі 10 процентін бөлу межеленген. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінің директоры Берік Торғауытов әкімшіліктегі отырыста хабарлады.

  • 23 Қазан 2006
  • 365
Фото - Caravan.kz

«2007-жылы облыс бойынша екпе жұмыстарының күнтізбесіне сәйкес, гепатиттің А түріне қарсы екпені екі жасқа дейінгі 53 893 балаға егу керек. Ол үшін 246 млн. 291 мың теңге қажет. Алайда, бұл мақсатқа небәрі 24 млн. теңге бөлу межеленген»,- деді Б.Торғауытов.

Оның айтуынша, 2006-жылы облыстық бюджеттен бұл мақсатқа небәрі 7,2 млн. теңге, немесе, сұраныстың 2,9 проценті ғана бөлінген.

Департамент директорының айтуынша, республиканың басқа облыстарында балаларға гепатиттің А түріне қарсы вакцина егуге бірнеше жылдан бері қаржы бөлу нәтижесінде ауру біршама азайған.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 15 жылда гепатиттің А түріне шалдығу көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2-3 есе артық. Мәселен, егер еліміз бойынша ауру деңгейі әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 65 адамды құраса, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 166 адамға жетеді.

Үкіметтің 2003-жылғы 23-мамырдағы «Тұрғындарға жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу жағдайын жақсарту шаралары туралы» қаулысына сәйкес, А гепатитіне қарсы вакцина сатып алуға арналған қаржы облыстық бюджеттен бөлінуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта