Павлодарда жылумен қамтамасыз етуге қатысты ахуал қалпына келе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жылумен қамтамасыз етуге қатысты ахуал қалпына келе бастады

Павлодарда жылумен қамтамасыз етуге қатысты ахуал қалпына келе бастады

ПАВЛОДАР. 23-қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда өткен аптада жылумен қамтамасыз етуге қатысты ахуал қалпына келе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Қазан 2006
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Тұрғын үй қоры мен қаладағы әлеуметтік нысандар қыс маусымындағы жұмысқа толық дайын»,- деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі. Қазір қаладағы барлық 1295 көп қабатты үйге жылу берілуде. Сонымен бірге дүйсенбі күнгі таңертеңгі жағдаймен 148 оқу ордасы, 69 денсаулық сақтау нысаны мен 36 мектепке дейінгі мекемелерге жылу берілуде. «Барлық тіршілік қамтамасыздығы нысандары қалыпты жағдайда жұмыс істеуде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қаладағы жылу электр орталықтарында 1934 тонна көлемінде қажетті көмір қоры жасалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодарда биыл жылыту маусымы бекітілген кестеден кешіктіріліп басталды. Кестенің бұзылуына магистральдық және үйлердің арасындағы желілердегі көптеген ақаулар себеп болған. Гидравликалық сынақтардың нәтижесінде 523 ақау анықталды.

Өткен дүйсенбіде болған кеңесте облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов жергілікті коммуналдық қызметтердің жұмысына қатаң сын айтқан. Қаланы жылуға қосу кестесін бұзғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Сайын Кәменевке қатаң сөгіс жарияланды. Бұған қоса жылыту маусымын бұзғаны мен басқа да кемшіліктері үшін қаланың құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Құлжанов қызметінен босатылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта