Бразилия мен Францияның елшілері Елбасына сенім грамоталарын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилия мен Францияның елшілері Елбасына сенім грамоталарын тапсырды

Бразилия мен Францияның елшілері Елбасына сенім грамоталарын тапсырды

АСТАНА. 23-қазан.Kazakhstan Today. Бразилияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған Фредерико Дуке Эстрада Мейер бүгін Ақордада Елбасына сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2006
  • 443
Фото - Caravan.kz

Эстрада Мейер Бразилияның Қазақстандағы алғашқы елшісі. Сол себепті жаңа елші өзінің алдында аса ауқымды жұмыстар тұрғанын айтып, Қазақстан мен Бразилияның арасында саяси және экономикалық байланыстарды жан-жақты дамытуға күш салатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Бразилияның арасында ұқсастықтар көп, сондықтан өзара қарым-қатынастарды дамытуға болатын салалар да жеткілікті.

Бұл күні сондай-ақ, Елбасына Францияның жаңа тағайындалған төтенше және өкілетті елшісі Ален Куанон да сенім грамотасын тапсырып, өз қызметінде екі елдің байланыстарын нығайта беретіндігін мәлімдеді. Франция Қазақстанмен ынтымақтастықтың барлық салада бірдей дамуынан мүдделі, деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта