Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ғарыш айлағының 32-алаңының жанармай құю станциясында «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының, транспорттық және химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюроның қызметкерлері «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғары қысымды құтыларын отын компонеттерімен және сұйытылған газбен толтыруда. Бұл жұмыс бүгін аяқталады деп күтілуде. Түнде үдеткіш блок 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.
Сондай-ақ, бүгін шетелдік мамандар «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігіне жанармай құяды.
«Протон-М» зымыран тасығышының басқару жүйелерінің жабдықтары да тексерілуде. «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протоон-М» зымыран тасығышы 8-қарашада ұшырылады.
Арабияның жер серігі байланысы ұйымына қарасты «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігі сандық телевидение қызметін көрсету, тікелей телевизиялық хабарлар тарату, тұтынушыларға мәліметтерді жеткізу және Араб әлемі елдеріне Интернет қызметін жеткізуге арналған. «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігі «АрабСат» ғарыштық байланыс жер серіктері тобының екінші серігі болып табылады. Алғашқы жер серігі — «АрабСат-4А» ғарыштық аппаратының наурыз айындағы ұшырылымы сәтсіз аяқталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті