«Министрліктің комитеті мен қаржы министрлігіне құрылыс саласындағы қызметті сатып алу жөніндегі бөліміне өзгерістер енгізу жөнінде хаттамалық тапсырма берілсін»,- деді бүгін Д.Ахметов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.
Үкімет басшысының пікірінше, тендерлер өте ұзақ жүргізіледі. «Түрлі қызмет сатушы компаниялар бағаны қасақана арзандату арқылы әкімшіліктерді ауыр жағдайда қалдыратын баға факторының әсері шынында да бар»,- деді Д.Ахметов.
Осыған байланысты үкімет басшысының пікірінше, «заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет. Олар мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарын жақсартып, бір жүйеге енгізуге тиіс».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті